«Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі» КММ-нің кітапханасы туралы мәлімет
«Мектеп кітапханасы- рухани тәрбиенің бастамасы» десек, жас ұрпақты тәрбиелеуде мектеп кітапханасы үлкен рол атқарады. Қазіргі таңда барлық адамзаттың алдына қойған мақсаттарының бірі- білімді ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие мен білім егіз ұғым десек, жан – жақты білім мен тәрбие беретін мәдени рухани орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Білімді ұрпақ тәрбиелеудің әр түрлі тәсілі бар, соның бірі кітап оқуға баланың қызығушылығын ояту. Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың келер ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Бүгінгі мектеп кітапханасы оқулықпен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, қоғамда болып жатырған өзгерістерді ақпарат және көркем әдебиеттер арқылы жеткізетін мәдени орталық. Бүкіл кітапхананың алдына қойған мақсаты мен мүддесі жұмыс бағыты бір: Жас ұрпаққа сапалы жан – жақты білім алуға жағдай жасау, жеке тұлға болып қалыптасу жолындағы сұраныстарына дұрыс бағыт – бағдар көрсету болып табылады. Осы сапалы білім алу жолында мектеп кітапханасы оқушыларды Білім ғылым министірлігінің бұйрық қаулысы бойынша оқулықпен 100% толық қамтама- сыз етіп отыр. Егеменді еліміздің болашағы өсіп келе жатырған жас ұрпақ десек, соларға заманымызға сай, жаңа ақпаратты ғылымды игеруде дамытуда, кітапхана электрондық, аудио, видео дискілер, касеталармен қамтылған. Өркениеттің өзегі білім, ғылым, тәрбие болса осылармен сусындататын білім – ордасы кітапхана. Қазіргі кезде мектеп кітапханасы ескірген уақтысы жеткен оқулықтарды тапсырыс арқылы жаңартады. «Алматы кітап», «Атамұра», «Мектеп», «Арман – ПВ», «Келешек», және тағы басқа баспаларға оқулықтар тапсырыс жасалынып, қор үнемі толықтырылып отырады. Кітапхана қорында 36112 дана кітап бар. Оның 20812 оқулық, 4000 данасы көркем әдебиет, 642 дана электрондық оқулықтар. Кітапхана сөресіндегі барлық кітаптар ББК бойынша орналасқан. Электронды ақпараттануқарқынды дамыған кезеңде, кітап қоры электронды оқулықтармен әр оқу жылында толықтырылып отырады. Кітапханада өтілетін шаралар арқылы оқушыларды ізгілікке, адамға мейіріммен қарауға, патриоттық сезімін оятуға жақсылық жасауға тәрбиелеуге мүмкіндік жоғары. Осы бағытта кітапханада қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын, «Бір ел- бір кітап» акция аясында І.Есенберлин «Көшпенділер трилогиясы» оқырман конференциясы,«Ән мен жырын мұра қылған қазағымның Абайы» поэзия сағаттары, түрлі «Тілім менің- ғасырлардан аманат» танымдық кештер, «Абай, Қадыр, Мұқағали» мәнерлеп оқулары өткізілді. Мектеп кітапханасы – мектептің жүрегі, бір бөлігі. Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы- кітапхана. Сондықтан да, мектеп кітапханасын- білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы.