Заңды тұлғаның атауы: Аудандық білім беру бөлімінің
«Жалпы білім беретін Т.Жароков
атындағы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Құрылған жылы: 1935
Құрылтайшысы: Жәнібек аудандық білім беру бөлімі.
Мемлекеттік лицензиясы: сериясы АА0008467
Тілі: қазақ
Білімі: жалпы орта
Мектептің негізгі мәселесі: жас ұрпақты тәрбиелеуде білім
мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстанның болашақ
тұлғасын қалыптастыру.
Мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбы: оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруда инновациялық оқыту моделін қалыптастыру.
Мақсаты:
Міндеті:
Мекен жайы: БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы,
Жеңіс көшесі,2
«Қазақстанның болашағы мектептен басталады»
Н.Ә.Назарбаев
Мектеп тарихы
Мектеп –білім ордасы,
Ұстаз –мектеп тұлғасы,
Шәкірт -өмір жалғасы.
Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп –жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған іргелі білім ордасы. Мектеп тарихы ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастау алады. Алғашында бастауыш мектеп болып ашылып, 1935 жылы Қазақ АКСР Халық комиссариатының қаулысымен жетіжылдық қазақ мектебі болып, соғыс жылдарында орта мектеп мәртебесін алған 80 жылдық тарихы бар білімнің қара шаңырағы.
Бастауыш мектеп болып құрылған кезде А.Жадыралиев меңгеруші болып , Ж.Ахмулдин, Қ.Молдашев , Р.Бигимов, Х.Сарбасов сынды мұғалімдер балаларға дәріс берген. 30 жылдардағы сталиндік жазалауға Х.Сарбасов пен Р.Бигимов түскен.
Жетіжылдық мектеп болып құрылған кезінде алғашқы мектеп директоры қызметін Ж.Хакимов, одан кейін Ә.Абдуллин, Т.Ашығалиев атқарған. Мектепті алғаш бітірген оқушылар қатарында М.Ақмалиева, Ғ.Артықова, Э.Қарабалина, С.Айтбөкешев, Б.Ықыласовалар болған.
Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында мектеп өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Сталинград майданының жақын тылына айналған Жәнібекті жау ұшақтары бомбалады.От тілдері жалаңдап өртеніп жатқан разъезд, станса жақтағы мектеп үйлері, қоймалар мен үйлер. Аз күннің ішінде аудан орталығы Жәнібектегі мектеп ғимараттары госпитальдарға айналдырылды. Қазақ мектебі
аудандық халық оқу бөлімінің 1942 жылдың 26 қыркүйегіндегі №183 бұйрығымен орталықтан 18 шақырымдағы «Ленин жолы» колхозына көшіп барды. Жергілікті орталау мектеп пен қазақ орта мектебінің кластарын қосып оқыту белгіленіп , екі мектепті әкімшілік жағынан басқару директор Х.Ғимрановқа жүктелді. 1943 жылы ақпанда неміс әскерлері Сталинград түбінде талқандалған соң мектеп қайтадан аудан орталығына көшірілді. Соғыс жылдары мектепте Х.Ғимранов (тарих), Ж.Есендосов (қазақ тілі мен әдебиет), Шумаева (орыс тілі мен әдебиет), Т.Ашығалиев (физика, математика, сызу ), С.Ахметов (арифметика, физика, сызу), М.Есниязова (тарих, география), С.Ержанова (биология, химия), М.Ақмалиева (бастауыш класс), М.Сатқанова (бастауыш класс), Ш.Низаметдинов 1942-1943 жылдары Қаратөбе ауданының Қаракөл мектебінің директоры болған, соңынан Жәнібекте қазақ мектебінде сабақ берген, Т.Рысмұхамбетов (бастауыш класс), Б.Әбдіғалиев (соғыс ісі, дене шынықтыру пәндерінен ) оқушыларға білім мен тәрбие берген. 1943 жылдың ақпанынан 1947 жылдың қаңтарына дейін Ж.Есендосов мектеп директоры болды.
1942 жылы 20 ақпанда аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі Ж.Ахмулдиннің бұйрығымен мектептің бірнеше мұғалімдері үлкендерді оқытуға тағайындалып, әр мұғалімге сауатсыз 10 адамды оқыту жұмысы міндеттелген.
Ел басына қатерлі күндер төнгенде мектептің бірқатар мұғалімдері мен оқушылары Отан қорғауға аттанды. Олардың қатарында Кенжин, Құрманғалиев, Абдрахманов, Сұлтанов, Дәулетов, Әлімкереев болды, ал балалар үйінде тәрбиеленген С.Мұхамбетқалиев соғысқа қатысып, кейін ұзақ жылдар бойы өзі оқыған мектепте математика пәнінен сабақ берді.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары мектепте еңбек еткен ұстаздардан М.Болаева (биология), З.Кисекова (тарих), Р.Галиуллин (математика), М.Темирова (химия), Н.Назарова (орыс тілі мен әдебиет ), Юсупова (неміс тілі), Х.Әбілхасанов (тарих), Б.Иманғалиева (қазақ тіл мен әдебиет), Т.Ашығалиев (физика) «Қазақ ССР – іне еңбек сіңірген мұғалім», Б.Бектасова (қазақ тілі мен әдебиет), Г.Серенко (орыс тілі мен әдебиет), Б.Ержанова (қазақ тілі мен әдебиет), «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», Е.Болдырева мен Р.Шаврина (орыс тілі мен әдебиет), Ұ.Сатанова (химия) Н.Қайырбеков (тарих)және тағы басқа мұғалімдердің есімімен жалғастыруға болады. Сол кездегі мектеп директоры қызметін атқарған Ж.Қасмұханов, Н.Қадешов, Х.Демесеновтің де еңбектері зор еді.1953-1954 оқу жылында мектепте еңбек еткен 32 ұстаздың 13-інің, 1954-1955 оқу жылында 31 ұстаздың 16-сының білімі жоғары болған болса, 1958-1959 оқу жылында мектептегі 30 ұстаздың 21-інің білімі жоғары болған.
Соғыстан кейінгі жылдар қазақ орта мектебінің тарихында «алтын әріппен» жазылған кезеңдер болды. Себебі 1950 жылдан бастап мектеп түлектері білім тереңдіктерін көрсетіп, алтын, күміс медальға бітірушілер шыға бастады. Сол жылдар мектеп даңқын елге танымал еткен мектеп түлектерімен ерекшеленді. Олар П.Шолақов-техника ғылымдарының докторы,профессор, тау-кен саласындағы аса құрметті ғалым, М.Машимов-техника ғылымдарының докторы, космостық геодезия маманы, РФ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Ғ.Ерғалиев-геология ғылымдарының докторы, академик, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ғ.Бияшев- ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Ш.Айталиев -1952 жылғы түлек, мектеп тарихындағы тұңғыш «Алтын медаль» иегері, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ф.Жұмағалиева – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Оразов –медицина ғылымдарының докторы, профессор, А.Ильясова –химия ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Ә.Нұрпейісовтың зайыбы, З.Есенғалиева-химия ғылымдарының кандидаты, Н.Чугунова –химия ғылымдарының кандидаты, 1963 жылғы түлек, «Күміс медаль » иегері, З.Әлисұлтанова –техника ғылымдарының кандидаты, В.Есенғалиева – филология ғылымдарының докторы, профессор, С.Айталиева –металлургия және кен байыту саласының құрметті ғылыми қызметкері, Қ.Сарсенов-философия ғылымдарының кандидаты, М.Исмағұлов-этнограф-тарихшы, Махамбеттің домбырасын тауып әкеліп, республикалық халық аспаптары музейіне тапсырған. Алаш азаматтары туралы құнды деректер жинаған, жариялау жөнінен қиындық көріп, сол кездегі билік тарапынан қуғын-сүргін көрген, Т.Ахметова –химия ғылымдарының докторы, «Қазақстанға еңбегі сіңген оқытушы», С.Шүкіров –физика-математика ғылымдарының докторы, Ғ.Хамзағалиев –медицина ғылымдарының докторы, Ө.Құспанов –педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», А.Акишев – «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері », педагогика саласының құрметті ардагері , М.Қисықов-1960 жылдың түлегі, екінші «Алтын медаль» иегері және т.б.
Әскери салада лауазымды қызмет атқарған түлектер қатарынан О.Ихсанов-ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», құқықтану саласының ардагері, полковник, 1955 жылдың түлегі, З.Құспанов –Алматы өрт сөндіру техникалық училищесінің басшысының І орынбасары болған, полковник, 1958 жылдың түлегі, Г.Баймұхамбетов –ішкі істер органдарының ардагері, полковник, 1956 жылдың түлегі, Қ.Ғаббасов –ішкі істер органдарының ардагері ,полковник, Б.Серғалиев ішкі істер органдарының ардагері, полковник, 1954 жылдың түлегі, Т.Сапиев-мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұзақ жылдар басшылық етті, 1959 жылдың түлегі орын алды. 1956 жылдың түлегі Т.Шагиева (Сиделова ) Теміртауда «Қазақстан магниткасында » жұмыс істеген кезінде С.А.Назарбаеваның құрбысы болған, Н.Ә.Назарбаевпен араласып тұрған. «Мектептің қай-қайсысы да өз шәкірттерінің санымен емес, даңқымен даңқты » деп осындайда айтылса керек.
Сондай –ақ сол жылдары мектепті бітірген түлектер арасында өздерінің ерен еңбегімен танымал болған ағаларымыз бен апаларымызды мақтан тұтамыз. Олар А.Өтеғалиев (аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы), С.Қайырова (жеке кәсіпкер, «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалінің иегері), А.Уалиев (совхоз директоры, аудандық газ шарушылығының бастығы, аудандық мәслихат депутаты) («Құрмет белгісі » орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері), М.Бөкесов, М.Әбділманова, С.Шукуров (совхоз директоры), Қ.Қисықов (ақын ), М.Жұмагереев (аудандық білім беру және аудандық мәдениет бөлімдерінің меңгерушісі), С.Жөлекенов (атақты токарь), Б.Закарин (аудандық білім беру саласының ардагері), Қ.Омаров («Ақжайық» шипажайының директоры), Ө.Құбаев (дәрігер), А.Досжанова (ардагер ұстаз), У.Құбаева (Атырау университетінің доценті), К.Халелов (партия қызметкері), М.Кенжеғалиев (аудандық халық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, партком, кооператив төрағасы, «Шұғыла» газетінің жауапты хатшысы) және т.б.
1957 жылы мектепке ауылдық жерлерден көптеген балалардың келіп оқуына байланысты «ХІХ партсъезд» және «Қазақ КСР-нің 40 жылдығы» колхоздарының қаржылық көмегімен 70 орындық интернат ашылып, оны ұзақ жылдар бойы А.В.Мололкин басқарды. Интернат штаты тәрбиеленушілер санына байланысты меңгеруші, 1-2 тәрбиеші, аспаз және техникалық қызметкерлерден тұрды. А.В.Мололкин оқытушылар институтын бітірген, мол тәжірибелі, тәрбиеленуші балалармен алуан салалы оқу –тәрбие жұмыстарының саналы да сапалы жүргізілуін ұйымдастыра білетін тәрбиеші болды. Аспаз Қ.Ахметова Ұлы Отан соғысының ардагері болды. Тәрбиешілер қатарынан Ш.Текебаеваның, Н.Мұқанованың , Т.Зұлқарнаеваның, Т.Теменовтың, техникалық қызметкерлерден Ж.Хайруллинаның, Н.Шипаеваның, А.Бурмистровтың есімдерін ерекше атауға болады.
1960-1970 жылдары мектеп директоры болып Қ.Арыстанғалиев, Қ.Ситалиева, Т.Ажыхановтар, сонымен бірге мұғалімдер «Білім беру ісінің үздіктері» М.Ханафина, К.Гайсина, Л.Смайлова, Р.Файзуллин, Ұ.Халелова және т.б. шығармашылықпен нәтижелі еңбек етті. 1963 жылы 6 ақпанда аудандық халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің бұйрығымен тәжірибелі мұғалімдер мен мектеп директордары есебінен құрамында 18 адам бар қоғамдық негіздегі инспекторлар тобына мектептен Н.Қадешов, С.Мұхамбеткалиев, Р.Галиуллин, Қ.Омаров кірген.
1960 жылы қаңтарда өткен аудандық балалар қолөнерінің көрмесінде ағаштан жасалған бұйымдар, ою - өрнектер, аудан мектептері өмірін бейнелейтін фотосуреттер байқауында мектеп оқушыларының жақсы өнерлері мен дайындықтары аталып көрсетілді
1960 жылы мектеп түлегі З.Оспанова мектепті үздік аяқтады.
Осы жылдардағы түлектер қатарынан Г.Бапахов-Жоғарғы әскери сотта қызмет етті, подполковник, 1966 жылдың түлегі, С.Ғұсманов – «Қазақстан Республикасы киноматография үздігі» және т.б. есімдерін атауға болады.
1965 жыл мектеп тарихында елеулі жылдардың бірі. Еңбекшілер депутаттарының Орал облыстық Советі атқару комитетінің 1965 жылдың 25 наурызындағы №119 қаулысымен мектепке ақиық ақын Тайыр Жароковтың есімі берілді. Осы салтанатқа орай мектепке ақынның зайыбы Мүнира, ұлы Бекет келді.
1970-1980 жылдары мектептен 500 –дей оқушы білім алып шықты. Мектепті осы жылдары Қ.Абсалямов пен У.Сарсенгалиев басқарды. Мектепте «Қазақ КСР халық ағарту ісінінің озық қызметкері»Ұ.Халелова, «Қазақ КСР халық ағарту ісінінің озық қызметкері» Б.Ержанова, У.Елемесова, Н.Жағыпарова, Ш.Текебаева аянбай еңбек етті. Жылдан жылға мектептің оқушылар санының көбеюіне байланысты 1972 жылы мектепке қосымша жаңа ғимарат (қазіргі білім беру бөлімі) салынып, оқу –тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіруге мүмкіншілік жасалды. Осы жылдардағы мектеп түлектері ішінен ұстаздық мамандықты таңдаған түлектер есімдерін атап өтсек, олар Қ.Қадыралиев, С.Өтеғалиева, С.Ықсанғали, Н.Баймұратова, С.Харесова, Е.Сайхаденов, Ә.Жиенәлиев, Н.Ахтаев, К.Ахметкалиева, Ш.Қайырлиева, Ғ.Еникеева, М.Жұмағалиева, Т.Қонақбаева, Т.Әбділманов, Б.Аюпов, М.Қайдаров, Е.Жұмагереев, М.Ниқашева, А.Кенжеғалиева, Т.Кисеков және т.б.
1978 ж. мектеп түлегі А.Құлшар 8 класты үздік бітіріп, мектеп әкімшілігінің ұсынысымен Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіне (РФМШ) түсіп, оны 1980 ж. «Алтын медальмен» бітірді.
1980 жылдан бастап 17 жыл бойы мектепті «Білім беру ісінің үздігі», жоғары санаттағы математика пәнінің мұғалімі Қ.Жүнісов басқарды. 1980-1981 оқу жылында мектеп түлектері Қ.Қажыкенова мен Ы.Дүйсенова мектепті «Алтын медальмен» бітірді. 1983 жылы оқушылар контингентінің өсуіне байланысты мектеп Б.Жәнекешев көшесіндегі типті жобада салынған №1 орта мектептің ғимаратына көшірілді. 1984 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Білім беру ісінің үздігі », «Құрмет белгісі» орденінің иегері С.Қонарова Бүкілодақтық мұғалімдер съезінің делегаттығына сайланып, Москва қаласындағы үлкен жиынға қатысу құрметін алды. Ауданда алғаш рет өткізілген «Жыл мұғалімі-1991» конкурсына мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі «Қаз КСР халыққа білім беру ісінің үздігі» М.Сиражева қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Оқу ісінің меңгерушісі Н.Бектенов пен мектептің тұңғыш психологы Х.Жұманиязов оқу -тәрбие үрдісінің дамуында өзіндік мол үлестерін қалдырды.
1987 -1988 оқу жылында мектепте еңбек еткен 51 ұстаздың 36 –сының жоғары білімі, 12 –сінің арнаулы орта білімі болып, 453 оқушы білім алған. 1992-1993 оқу жылында оқушылардың саны 897 –ге , 1996-1997 жылдары 1036-ға , ал 1998 жылы 1200 –ге жетті. Оқушылар санының өсуіне байланысты 2000 жылы мектеп Жеңіс көшесіндегі жаңа типте салынған ғимаратқа көшірілді. 1997 – 2000 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін тәжірибелі география пәнінің мұғалімі Е.Жұмагереев атқарды. 2002 жылы мектеп жанынан ауыл балаларына арналған 50 орындық интернат ашылды. Интернат меңгерушісі болып А.Біләлова еңбек етті.Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Абдолова 2002 жылы «Ауылдың үздік мұғалімі» байқауының дипломанты, республикалық «Ғылыми-практикалық жобалар» байқауының жеңімпазы, Қазақстан оқу Ассоциациясының мүшесі, еңбегі «Қазақ тілі – даму жолында » атты жинаққа кірді.
2004 жылы орыс тілі пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі М.Өрекешева Республикалық білім қызметкерлерінің ІІІ съезіне қатысып, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері » белгісімен марапатталды.
2005 жылы мектеп директоры А.Айтбөкешев Астанада өткен жаңашыл ұстаздардың форумына қатысып, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болып, Білім министрі Б. Әйтімовамен кездесуге қатысты.
Еңбектерімен елге танылып, шығармашылықпен жұмыс істеп, табыстарға жеткен ұстаздар қатарында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ж.Исетова, «ҚР Білім беру ісінің үздіктері» математика және орыс тілі пәні мұғалімдері Х.Молдағалиев пен Н.Нұрғалиева, «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» бастауыш класс мұғалімі Қ.Құбаева, химия пәні мұғалімі Ұ.Үмбетова, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Х.Жұманиязов, география пәні мұғалімі М.Салауатова, еңбек пәні мұғалімі С.Иманғалиева, орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.Бектенов, тарих пәні мұғалімдері Р.Құбаев пен Ғ.Мусилов, бастауыш класс мұғалімі С.Ахтурина, математика пәні мұғалімі Г.Жамалиева, биология пәні мұғалімі, 1979-1986 жылдары оқу ісініңі меңгерушісі болған М.Искакованың есімдерін атауға болады. Сонымен қатар 70-90 жылдардың басында мектепте А.Жамашев (физика), С.Мұсаев (еңбек), О.Ахмурзина (математика), Т.Зұлқарнаева (география), М.Мендібаева (математика), Н.Жұмағалиева (физика), Г.Карабалина (физика) Ұ.Сапиева (география), С.Бірманова (орыс тілі), Р.Дүйсенова мен Ә.Молдашева (математика), Б.Умашева (орыс тілі мен әдебиет), А.Сұлташева мен Е.Хабиева (математика), Л.Әділалиева (еңбек), З.Қабылқаева (ағылшын), Қ.Қадемова (тарих), М.Жұмагереев (психолог), Г.Жүсіпова (бастауыш класс), Н.Бұқтыбаева (бастауыш класс), Ғ.Шеркешева (бастауыш класс) Р.Рысқалиева (математика), С.Қонақбаев (еңбек), К.Губашев, М.Машаев (машина ісі) және т.б. ұстаздар еңбек еткен.
Білім беру сапасын тәрбие үрдісінен бөліп қарауға болмайды. Мектепте сапалы білім мен қатар оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен мән беріліп отырды. Мектептің комсомол, пионер ұйымдары аудандық, облыстық түрлі байқау, слет, жарыстарының жеңімпаздары атанды. Оқушылардың өзін-өзі басқару ісінде алдынғы қатар да болған мектеп түлектерін мақтан тұтамыз олар М.Құлшар, Н.Қайдарова, Э.Уалиева, А.Уалиева, Т.Баянтасов, Е.Зинуллин, М.Құбаев, А.Айтбөкешев, Қ.Шалабаев (мектеп түлектері ішінен тұңғыш рет Түркияда жоғары білім алған шәкірт)
1970-1980 жылдары мектепте С.Тұрғалиеваның жетекшілігімен драма үйірмесі жұмыс істеді. Үйірме мүшелері Б.Майлиннің «Майдан» драмасын, С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» драмасын сахнада шеберлікпен сомдай білді.
Мектептің тәрбие саласында өзінің айшықты қолтаңбасын қалдырған тәлімді де тәжірибелі тәрбиешілердің бірі - Д.Сапашева. Ол еңбек жолын мектеп жанындағы интернатта тәрбиеші болудан бастап, тәлімгер, психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлығына дейінгі қызмет сатыларынан өтті. Мектептегі «Алғырлар» клубының, кейін ұйымының негізін қалады. 1991 жылдан аудандық ИДК-ның жұмысын жүргізе отырып, Ресейдің көршілес Саратов және Волгоград қалаларындағы ИДК мүшелерімен күні бүгінге дейін достық байланысты үзбей келеді. 2002 жылы «Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесі жобаларының IV республикалық конкурсының» облыстық кезеңіне қатысып, мақтау қағазымен марапатталды. 2004 жылдың 4-7 қаңтар аралығында Волгоград қаласының ИДК мүшелерін ауданымызда қабылдай отырып өткізген слеті «Қазақстандағы Ресей жылына » тұспа-тұс келді. Д.Сапашеваның жабдықтаған психология кабинеті 2007 жылы өткізілген «Облыстық психологиялық қызмет кабинеттерінің» сырттай байқауына қатысып, ІІІ орынды иеленді.
Тәрбиеленген оқушылары бүгінде әр түрлі қызмет салаларында еңбек етуде немесе ЖОО-да оқуда. Солардың кейбіреуін атап өтсек, А.Сарбалина, А.Боранбаев, Ж.Орақаев, Ш.Баубеков, С.Қажығалиев, А.Өтеуов, Г.Өтепова, А.Бектасова , А.Қожасова , І.Мақсотов, А.Бигалиева, Г.Баташева, А.Бейісова. 2010 жылдың сәуірінде Волгоградта өткен XXV Достық форумына мектебіміздің мақтанышы облыс көлеміндегі жасөспірімдер арасындағы танымал көшбасшы, оқу озаты А.Берқайыров қатысып келді.
Мектептегі тәрбие жұмысының алға басуына, алдыңғы қатардағы мектеп болуына түрлі жылдарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметін атқарған А.Жамашев, Г.Тастамбекова, С.Иманбаева, Т.Әбділманов, А.Қуанышқалиева, Г.Қасмұханова, Е.Жиеналиев, А.Молдағалиев, Л.Исатаева, Г.Аманбаева, Ж.Каргин үлес қосты.
2008 жылы мектеп оқушылары А.Түйебаев пен И.Кенжина республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ұлтымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрін насихаттап және сақтап , озық тәрбие үлгілерін көрсеткен Әбдуғалиевтер отбасы 2007 жылы облыстық «Алтын ұя» байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленсе, 2011 жылы Молдамұратовтар отбасы «Қыналы бармақ, жез оймақ » номинациясын иеленді.
Мектебімізде 1974-2008 жылдары табан аудармай қызмет еткен кітапханашы Б.Мырзағалиеваның да зор еңбегін атап өткен жөн. Ол 1980 жылы облыстық мектеп кітапханашылары байқауының жүлдегері атанса, шығармашылық еңбегі үшін аудандық және облыстық білім басқармасының мақтау грамоталарымен де марапатталған.
Мектептің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы алған асулары да аз емес. 1995-2011 жылдар аралығында 17 оқушы мектепті үздік аттестатпен аяқтады. 1995 жылы 5 класс оқушысы Л.Бурабаева Ақтөбе қаласында өткен Президенттік шыршаға қатысты. 2004-2005 оқу жылындағы Республиканың үздік оқушысы ретінде «Қазақстан үміті» кітабына 9 класс оқушысы Д.Дудиннің есімі жазылды. 2005 жылы мәнерлеп оқудан облыстық байқауда 5 класс оқушысы Ж.Хамидуллина ІІІ орынды иемденді. Облыстық «Абай оқулары» байқауына Д.Дудин, Абай әндерін шырқауда Ш.Баубеков бірнеше жыл қатарынан қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Жетекшісі- М.Нұралиева. 4 класс оқушылары облыстық интеллектуалдық олипиаданың жүлдегерлері атанды. Ұстазы – Т.Кисекова. 2007 жылы мектеп оқушысы Ә.Теміржанова Италия елінде 1 ай мерзімге саяхатқа шығып, тынығып қайтты.
Сонымен бірге мектепте ұзақ жылдар қажырлықпен еңбек етіп, зейнеткерлікке шығып отырған ардагер ұстаздар қатарын Ж.Исетова (қазақ тілі мен әдебиеті), А.Қауышева (бастауыш класс), Х.Пазылова (қазақ тілі мен әдебиеті), М.Көлбаева (математика), М.Төрешева (орыс тілі мен әдебиеті), Б.Нұғманова (физика), А.Абдығалиева (технология пәні), М.Молдағалиева (ағылшын тілі), Ж.Рахметуллина (химия) есімдерімен жалғастыруға болады.
2005 жылы 23 қазанда мектеп 70 жылдық мерейтойын аудандық мәдениет үйінде «Мектебім, биік көрем мәртебеңді!» атты салтанатты шарамен кең көлемде атап өтті. Шараға Алматыдан, Оралдан және аудан көлемінен шақырылған қонақтар қатысты. Мерейтойға арнап сөзін Қ.Дүйсенов, әнін Е.Айтымбетов жазған мектептің әнұраны тұңғыш орындалды. Күні бүгінге дейін салтанатты шараларда мектеп әнұраны үзбей шырқалып келеді. 2007 жылы мектеп мұражайы ашылды. 2009 жылы мектеп 120 млн.798 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, 4 млн. 97мың теңгеге биология кабинетімен жабдықталды. 25 бүлдіршінге арналған шағын орталық ашылып, өз жұмысын жалғастыруда.
Шығармашылықпен, ізденімпаздықпен еңбек етіп жүрген ұстаздар қатарында ұстаз-ақын, жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі М.Нұралиева, биология пәні мұғалімі Г.Закарина, география пәні мұғалімдері Б.Жаналиева мен М.Құбаев, химия пәні мұғалімі Н.Нұралиева, тарих пәні мұғалімі Г.Аманбаева, бастауыш класс мұғалімдері Ғ.Момынова, М.Жұмағалиева, Ғ.Өтегенова, С.Қуанышалиеваның есімдерін мақтанышпен атауға болады.
«Шәкірт жетістігі-ұстаз еңбегінің жемісі» дегендей, мектеп оқушыларының аудандық, облыстық, республикалық сайыстар мен олимпиадалардағы жетістіктері де аз емес. 2009 жылы «Туған өлке» облыстық қашықтан оқыту байқауында мектептің «Атамұра» командасы І орын иеленді. Жетекшісі –М.Құбаев. 2008-2010 жылдары мектеп оқушылары облыстық «Жас Отан қорғаушылар» әскери-патриоттық ойындарда 2 мәрте ІІ орын, 1 мәрте ІІІ орын иеленді. Жетекшісі-АӘД пәнінің мұғалімі А.Молдағалиев. 2006 жылы М.Агедилова облыстық пән олимпиадасында орыс тілінен ІІІ орын алса (жетекшісі жоғары санатты орыс тілі пәні мұғалімі А.Ситкереева), 2011 жылы 11 класс оқушысы А.Қожасова облыстық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиетінен І орын алды (жетекшісі жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі М.Нұралиева ). 2009 жылы «Қыран» қоғамдық бірлестігі «Жас полицейлер » топтарының ІІ облыстық байқауына белсенді қатысқаны үшін БҚО Білім басқармасының және БҚО ІІД –нің «Алғыс хатымен » марапатталды. . 2011 жылы ақпанда 7 класс оқушысы М.Өтегенов VII қысқы Азия ойындарына арналған Астана қаласында өткен бейнелеу өнерінен республикалық байқауда Алғыс хат алды. Ж.Жамиев, М.Искаков, Т.Өтенғалиев республикалық «Струнная капель» авторлық өлеңдер фестивалінің дипломанттары атанды (жетекшілері технология пәнінің мұғалімі С.Шүкіров). 2011 жылы «Жайық ұландары-болашақ қырандары» облыстық слетінде мектептің «Алғырлар » өзін-өзі басқару ұйымы І орынды жеңіп алды және А.Берқайыров «Үздік көшбасшы» атағына ие болды. Облыстық және аудандық шығармашылық жобалар конкурсының жеңімпаздары Н.Әбесов, Н.Кабаев, Е.Жасталап, М.Өтегенова , М.Төлегенов, М.Есенбаев, Ж.Әлишер, Б.Парухов әрқашан мектеп мәртебесін көтере білді.
Мектеп ұжымы аудандық мәдени –көпшілік шаралардан тыс қалмай, жетістіктерге қол жеткізіп отыр. 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай өткізілген аудандық көркемөнерпаздар фестивалінде мектеп ұстаздарынан құралған көркемөнерпаздар тобы І орынды иеленсе, 2006 жылы ҚР тәуелсіздігінің 15 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 20 жылдық мерекесіне орай «Желбіре, Тәуелсіздік туы, мәңгі!» атты аудандық фестивальде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2011 жылы сәуірде өткізілген «Болашаққа жарқын күлкімен» атты аудандық КТК ойынына мектептің «Көңілді day» командасы белсенді қатысып, қарашада ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жастар арасында өткізілген «Тәуелсіз елдің жастары тәуелсіздік тойында » атты КТК ойынында мектептің «Тәуелсіздік тарландары» командасы бас жүлдені иеленді.
2008ж. волейболдан СШҮ, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, БҚО құрама командасының мүшесі А.Бапиевті еске алу турниріндегі жасөспірімдер арасында командалық ІІ орын, 2008 ж. мектеп оқушыларының IV жазғы Спартакиадасында баскетболдан І орын, 2009 ж. «Ұстаздар күніне» орай ұйымдастырылған ауданның білім саласы қызметкерлері арасындағы спорттық жарысында үстел теннисінен командалық ІІІ орын, 2010 ж. 8 наурыз –Халықаралық әйел-аналар мерекесіне арналып волейболдан өткізілген аудандық жарыста І орын, 2011 ж. Орал өңірінде спорттық бағдарлау жылына арналған білім қызметкерлері арасында «Еуропа-Азия-2011» шаңғы туризм жарысында жалпы командалық І орын, 2011 ж. Орал қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер арасында футболдан облыстық «Былғары доп» турнирінде ІІ орынды иеленді. Белбеу күрестен спорт шебері, самбо, дзюдо және қазақша күрестен СШҮ, мектеп түлегі Н.Хайруллин үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген мектеп түлегі.
2008 ж. наурызда мектебімізге белгілі кино және театр актері, 1982 жығы Мәскеудегі Бүкілодақтық жастар шығармашылығы байқауының, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі М.Қ. Өтекешева келіп, ұжыммен кездесіп, сұхбаттасты.
2010 ж. қарашада мектеп түлегі, ҚР ҰҒА –ның академигі Ш.Айталиевке ескерткіш тақта орнатылды.
2011 ж. желтоқсанда 7 «б» сыныбының оқушылары Республиканың білім беру мектептері арасында «Чек талап ет-Патриот бол» акциясына белсенді қатысқаны үшін БҚО бойынша Салық департаментінің «Алғыс хатымен » марапатталды.
Мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тест тапсыруда жылдан-жылға жоғары нәтижеге ие болуда. 2007 жылы ҰБТ-ға қатысқан 67 түлектің білім көрсеткіші 76,6 балл , 2008 жылы 55 түлектің білім көрсеткіші 81,6 балл, 2009 жылы 56 түлектің білім көрсеткіші 92,5 балл, 2010 жылы 50 түлектің білім көрсеткіші 81,2 балл, 2011 жылы сынаққа қатысқан 68 түлектің білім көрсеткіші 84,04 балл құрады.
2011 -2012 оқу жылында мектепте 731 оқушы білім алып , 98 ұстаз дәріс берді. Мектептің ғылыми -әдістемелік тақырыбы: «Жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстанның болашағы зерделі тұлғасын қалыптастыру ». Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын, , биология, химия пәндері тереңдетіліп оқытылады. Мектепте спорт зал және 100 орындық мәжіліс залы, 36 класс комплектісі , 3 мектепалды даярлық тобы кластары, 25 бүлдіршінге арналған «Айгөлек» шағын орталығы, 2 шеберхана класы, оқу құралдарымен жаңғыртылып жабдықталған физика, химия, биология кабинеттері, кітапхана, компьютер, лингафон, мультимедиалық кабинеттер жұмыс істейді. Мектеп асханасында 1-4 кластың және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан 151 оқушы тегін тамақтанады.
Мектептің қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайда жұмыс істеуіне үлес қосып , ұзақ жылдар еңбек еткен техникалық жұмысшылардан Р.Закарин, Г.Хамидуллина, Б.Мұстаева, Ұ.Сабирова, С.Неғметов, М.Князева, Ж.Бейісованың ,сондай-ақ директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары М.Қожахметова, Ш.Атошев , Р.Файзуллина («ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері), іс-жүргізуші А.Давлетчиналардың зор еңбектерін атап өткен жөн.
Т.Жароков атындағы мектеп ақын да, ғалым да, әскери қызметкер мен өнер иелерін де тәрбиелеп шығарған мектеп. Білім ордасы жылдар жылнамасына сан мыңдаған түлегінің есімін жаздыртып, республика ғана емес, алыс –жақын шетелдерге танымал болған шәкірттерінің мәртебесімен өркен жайған мәуелі бәйтеректей асқақтап келеді. Қалыптасқан дәстүрі мен дағдысы бар іргелі оқу ордасы заманның алға басқан қадамына сай, оқу-тәрбие үрдісін қарыштап өскен ғылым мен техника прогресінің талабына сай құра білді.
Мектеп өз бетінше білім алуға қабілетті, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, өз бетінше дами алатын көпмәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру жолында жұмыс істеуде.
Әскери салада қызмет еткен ардагерлер:
Мектеп басшыларының галереясы:
Х.Ғимранов 02.04.1942 – 27.02.1943ж
Ж.Есендосов 27.02.1943ж – 23.01.1947ж.
Қ.Қасмұқанов 23.01.1947ж – 27.08.1950ж.
С.Сұлтанов 27.08.1950ж – 1952 ж.
Г.Кужаев 1952ж – 1953 ж 28.07.
Н.Қадешов 28.07.1953ж – 17.03.1958ж
Х.Демесінов 1958ж – 1960ж 31.08.
Қ.Арыстанғалиев 31.08.1960ж. – 01.02.1963ж.
Қ.Ситалиева 01.02.1963ж – 01.09.1966ж.
Т.Ажыханов 01.09.1966ж – 11.05. 1972ж.
Қ.Абсалямов 11.05.1972ж – 1976ж
У.Сарсенғалиев 1976ж – 30.06.1980ж
Қ.Жүнісов 30.06.1980ж – 14.07.1997ж.
Е.Жұмагереев 14.07.1997ж – 02.03.2000ж
М.Кабдрахимов 02.03.2000ж – 2002 ж.
М.Ғазезов 2002 – 2003 ж.ж
А.Айтбөкешев 2003-2006 ж.ж
М.Өрекешева 2006-2008 ж.ж
Е.Жұмагереев 2008 жылдан
Түлектер ғылым шыныңда
2.М.Машимов-техника ғылымдарының докторы, космостық геодезия маманы, РФ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.
3.Ғ.Ерғалиев-геология ғылымдарының докторы, академик, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
8.А.Ильясова –химия ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Ә.Нұрпейісовтың зайыбы.
9.З.Есенғалиева-химия ғылымдарының кандидаты.
10.Н.Чугунова –химия ғылымдарының кандидаты, 1963 жылғы түлек, «Күміс медаль » иегері.
11.З.Әлисұлтанова –техника ғылымдарының кандидаты.
12.В.Есенғалиева – филология ғылымдарының докторы, профессор.
13.С.Айталиева –металлургия және кен байыту саласының құрметті ғылыми қызметкері.
14.Қ.Сарсенов-философия ғылымдарының кандидаты.
15.М.Исмағұлов-этнограф-тарихшы, Махамбеттің домбырасын тауып әкеліп, республикалық халық аспаптары музейіне тапсырған. Алаш азаматтары туралы құнды деректер жинаған, жариялау жөнінен қиындық көріп, сол кездегі билік тарапынан қуғын-сүргін көрген.
16.Т.Ахметова –химия ғылымдарының докторы, «Қазақстанға еңбегі сіңген оқытушы».
17.С.Шүкіров –физика-математика ғылымдарының докторы.
18.Ғ.Хамзағалиев –медицина ғылымдарының докторы.
19.Ө.Құспанов –педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
20.А.Акишев – «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері », педагогика саласының құрметті ардагері.
«Білім беру ісінің үздіктері»
Оқу ісінің меңгерушілері
Бастауыш класс бойынша
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Тәуелсіздік жылдары мектепті үздік бітірген түлектер :
2007-2012 жылдар аралығындағы мектеп ұстаздарының жетістігі: