Білім күніне арналған салтанатты жиын ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектебінде сағат 0900-де басталады. Жиынға қатысқан қонақтар: Жәнібек ауданының әкімі – Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы – Ғазезов Мұрат Ғазезұлы, ардагер ұстаздар - Жүнісов Қабаш Жүнісұлы, Абдыгалиева Аққаным Өтебәліқызы , Закарин Болат ағай, Молдағалиев Хамит Сәкөнұлы, Молдағалиева Мағрипа Есполлайқызы.
Мектеп табалдырығын аттаған 1 класс оқушылары класс жетекшілер М.Қ.Ниқашева, Н.С.Абдрешова және Л.В.Сухоносовамен бірге музыка әуенімен ортаға шақырылды. 2015-2016 оқу жылын аяқтаған 110 үздігі саппен алаңға шақырылды. Үздіктер колоннасын бастауыш сынып мұғалімі Нарынова Назым Мұсақызы бастап шықты.
Салтанатты жиынның ашылуына орай, Қазақстан Республикасының Мемелекеттік Гимні орындалды.
Мектеп директоры Е.С. Жұмагереев білім күніне арнап, құттықтау сөз сөйледі. 1 класқа келген кішкентай бүлдіршіндер құттықтау сәлемдемелерін жолдады. Ал 11 класс түлектері оларға оқу құралдарын және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын табыс етті. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушылары Даукес Нұрмұхан мен Бекмұхамбетова Гүлнар және 1 сынып оқушылары Ғаллем Жанерке мен Қуантай Әділжан ие болды. Салтанатты жиын барысында Қабаш Назеркенің орындауында «Мектебім», Мектепқалиев Ақанның орындауында «Қазақ елі», Биғалиев Бағдат пен Есенғалиева Салтанаттың «Ұстазым» әндері орындалды.
Жиын соңында әр класта «Мен өзОтанымның патриотымын» атты тәрбие сағаттарымен жалғасты.