2016 - 2017 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, 22 қыркүйек ҚР Тілдері мерекесіне орай 19-28 қыркүйек аралығында «Азаттық аясында ана тілім» атты апталық оздырылды. Апталық саптық жиынмен салтанатты түрде ашылды . Саптық жиында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Каримова құттықтау сөз сөйлеп, «Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі» атты шағын баяндамасымен таныстырды, 4 «б» сынып оқушылары жатқа өлеңдерін оқыды. Сол күні «Ұлттық тіл – ұлттық тәрбие көзі» атты кітап көрмені мектеп кітапханашылары таныстырды. 20 қыркүйек күні Н.Каримованың ұйымдастыруымен «Тілім десе, тебіренбей тұра алман» тақырыбында 8-10 сыныптарының қатысуымен шығармалар байқауы, 21 қыркүйек күні Г.Доқпанованың ұйымдастыруымен 5 а,ә.б,в сыныптарының қатысуымен «Тіл – ұлт рухының асыл қазынасы» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді. 22 қыркүйек күні 7 а,ә,б сыныптарға « Ана тілің – елдігіңнің айғағы» атты әдеби-сазды қойылым, 23 қыркүйек күні 3-11 сыныптарға «Словесник» пән бірлестігінің «Язык – есть исповедь народа» атты мәнерлеп оқу мерекесі, 24 қыркүйек «Полиглот» пән бірлестігінің 9 «а,ә,б» сыныптарына «Two languages are two wings» интеллектуалдық ойыны, 26 қыркүйек күні А.Джунусованың 5-8 сыныптарға « Туған тіді ту қылған» атты мәнерлеп оқу сайысы, 27 қыркүйек мектеп кітапханашылары М.Имангалиева мен Г.Душкенованың «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты 8-9 сыныптарға әдеби кеш, 28 қыркүйек 5-11 сыныптарға «Асыл сөз» пән бірлестігі «Азаттық аясында ана тілім!» атты қорытынды кеш болды.
Сонымен қатар, 26 қыркүйек қазақ әдебиетінің ірі өкілі, тарлан ақын Тайыр Жароковтың туғанына 108 жыл толуына орай мектебімізде «Тайырдай қара сөздің даңғылымын» атты кітап көрмесі, « Тарлан ақын – Тайыр Жароков» атты 9 сыныптарға сынып сағаттар өткізіліді.
30.09